
Жұмашәріп Маржан
Аға медбике
1982 жылы 21 қыркүйекте ҚХР Санжы Автономиялық обылысында туылған. 2004 жылы ҚХР Шыңжияң Жоғары педагогикалық университетін үздік дипломмен бітірген. 2004 жылы ҚХР Шыңжияң Жоғары Медициналық университетіне түсіп, 2008 жылы үздік дипломмен тамамдаған. 2009-2018 жылы Шыңжияң Санжы автономиялық облысының дәстүрлі қытай медицинасының жан сақтау бөлімшесінде аға медбике болып жұмыс істеген. 2017 жылы мамыр айында елімізге оралып, 2018 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасының азаматтығын алған. 2019 жылдан бастап осы уақытқы дейін «RASHMED» Қазақ медицина орталығында Аға медбике болып жұмыс атқарады.